Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Менің туған қалам» 14.08.2024 | Қала қонақтары, «Kostanay-Аrt» республикалық суретшілер симпозиумының қатысушылары қостанайлық суретші Олег Кусковтың көрмесімен танысты. Қостанай қаласының мерейтойына арналған «Менің туған қалам» көрмесі Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың бірінші қабатында орналасқан. Қонақтар Олег Кусковтың жұмыстарынан ескі Қостанайдың, оның көшелерінің, саябақтарының, ғимараттарының сұлулығын көруге болатындығын атап өтті. Суретшінің картиналарынан қаланың өткен өмірі көз алдыңа келгендей болады. «Қостанай. Марал Ишан атындағы мешіт», «Скверде. Қала орталығы», «Орталық саябақтың алды» секілді соңғы уақыттағы жұмыстар да көрермендердің қызығушылығын тудырды. Кітапхана басшысы Безаубекова Сәния Серікқызы және Өнер бөлімінің меңгерушісі Ләззат Төлекова қонақтарды көрме авторының шығармашылығымен таныстырып, кітапхананың көрме алаңы туралы айтып берді. Іс-шараға келушілер «АRT-Қостанай» сериясы бойынша жарық көрген альбомдарды, сондай-ақ бөлім қорының басқа да фотоальбомдары мен суретшілер каталогтарын қызығушылықпен тамашалады. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|