2024 жылдың 14 тамызынан бастап Абонементтер бөлімінде Семей полигонының жабылу күніне арналған«Семей полигоны–ядролық апат» көрме-ескертуіұйымдастырылды.
Көрмеде Семей полигонының тарихы мен ондағы сынақтардың салдарына, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту және бейбіт өмірге көшу үшін қабылдаған шараларына арналған кітаптар ұсынылған. Олардыңарасында К. Бозтаев «Семей полигоны. «Қайнар қасіреті»», М. Сарсеке «Международное ядерное движение «Невада-Семипалатинск»», сондай-ақ «Семипалатинская трагедия» басылымдары бар. Бұл кітаптарға тарихи құжаттар мен мұрағаттық материалдар енгізілген.
К. Бозтаевтың «Человек и атом», О. Сүлейменовтың «Повторяя в полдень», «Но людям я не лгал» және Р. Сейсенбаевтың «Отчаяние» еңбектерінде Семей полигонын жабу жолындағы күрестің адамгершілік аспектілері және табиғат пен жергілікті халыққа келтірілген зиян туралы айтылады. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.