«Кітапханаға тарту»
13.08.2024
Әуесқой фотограф, зейнеткер, әуесқой дойбышы Козма Иван Григорьевич Өнер туралы әдебиеттер бөліміне ескі қаланың көрінісі мен туған өлкенің табиғаты бейнеленген фотосуреттерді сыйға тартты.
«Фотосуреттер – мен үшін әуестік, табиғатты қалай көретінімді өзгелермен бөлісу тәсілі. Көргеніңді сөзбен жеткізу мүмкін емес, ал фотосуретте толық көрсете аласың»,- дейді Иван Григорьевичтің өзі.
Кітапхана басшысы Безаубекова Сания Серікқызы авторға алғысын білдіріп, ескі фотосуреттер өткеннің есігін ашып, қаз қалпында сақталып қалған сол бір сәтке көз жүгіртуге мүмкіндік беретінін атап өтті.