«Ақ қағазға жазғаның, тас қамалға салғаның»
09.08.2024
09 тамызда «Қоғамдық келісім» КММ-де Темірбаев Мақсұт Әбуұлының «Ақ қағазға жазғаның, тас қамалға салғаның» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кітаптың авторы – біздің жерлесіміз, белгілі медицина ғылымдарының докторы, Дүниежүзілік стоматологтар қауымдастығының Еуропалық өңіраралық ұйымының академигі, Қазақстан стоматологиялық қауымдастығының тұңғыш президенті және негізін қалаушы. Кітапта ата-бабасының тағдыры баяндалып, медицинаның маңызы туралы айтылады, сонымен қатар адам өмірінің, тағдырлар мен қарым-қатынастардың құндылығы, уақыт пен ұрпақтың байланысы туралы әңгімелейді, алайдың кітаптың басты ерекшелігі оның шұрайлы да түсінікті тілі болып табылады.
Тұсаукесерге қала мен облыстың танымал адамдары: шығармашыл зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен өнер, білім мен медицина қызметкерлері шақырылды. Залдың жайлы ахуалы, іс-шара қонақтарының жылы және шынайы сөйлеген сөздері, автордың қолтаңбасы қойылған кітаптардың кітапханаға сыйға тартылуы тұсаукесерді қызықты әрі ұмытылмас етті.