«Адам саудасы – қазіргі дәуірдегі құлдық»
09.07.2024
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы «Адам саудасы – қазіргі дәуірдегі құлдық» атты кітап көрмесін дайындады.
Көрмеде ұсынылған «Альбом схемы по проблеме торговли людьми», «Әйел құқықтары», «Адам саудасының құрбандарын анықтау» кітаптары оқырманды құлдық пен адам саудасы құбылысын, осы мәселені реттеу мен оған қарсы тұрудың халықаралық-құқықтық аспектілерін зерттеумен таныстырады.
Көрме көпшілік оқырманға арналған және ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыс істейтін болады.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану