Әмбебап оқу залы Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында қабырғасында 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық есірткі заттарын тұтыну және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған «Заң. Тәуелділік. Денсаулық» атты сұхбат-әңгіме өткізді. Бұл күн нашақорлықтан азат қоғам құру және есірткі саудасының жолын кесу жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты күшейту мақсатында белгіленді. Колледж оқушылары есірткіні қолданумен байланысты денсаулыққа келер қауіп-қатер және есірткіні пайдаланғаны үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпаратты тыңдады. Сонымен қатар қатысушылар «Заң. Тәуелділік. Денсаулық» кітап көрмесімен және тақырыптық бейнематериалдармен танысты. Іс-шара соңында «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК консультативтік-диагностикалық бөлімінің психологы Бисимбаева Гүлсім Айтжанқызы жиналғандар алдында баяндама жасады.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану