«Әке болу: бақыт пен парыз»
13.06.2024
13 маусымда Әмбебап оқу залы Әкелер күніне арналған «Әке болу: бақыт пен парыз» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді өткізуге спикерлер: психолог, отбасылық қатынастар саласындағы сарапшы Ш. В. Саркисян, Қазақстан ата-аналар одағының Қостанай филиалының басшысы Д. М. Мамедов қатысты.
Сөз сөйлеушілер отбасылық құндылықтар, отбасы институтын нығайту және балаларды тәрбиелеу, отбасындағы әке рөлінің маңыздылығы, некеге жауапкершілікпен қарау туралы айтты.
Іс-шараға Қостанай қаласы мемлекеттік фельдъегерьлік қызмет басқармасының, Қостанай облысы арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша КДИ» филиалының тыңдаушылары, қала жұртшылығы қатысты.
Дөңгелек үстел қазіргі қоғамдағы әке болу, еркектік тақырыбы бойынша электрондық таныстырылыммен және кітап көрмесімен сүйемелденді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану