Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ақынның айтқан жыры жоғалмайды» 03.06.2024 | Өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға ақын, драматург Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына арналған сирек кітаптар мұражайының «Ақынның айтқан жыры жоғалмайды» атты кітап көрмесін ұсынады. Жұрт Пушкин туралы не біледі? Адамдардың көпшілігі ақынның өмірбаянын, әйгілі шығармаларын, мектептің әдебиет пәніндегі ақпаратты біледі және осымен аяқталады деуге болады. Бірақ ақынның өмірі мен шығармашылығы тек Болдинның күзінен ғана тұрған жоқ, ол тағдырдың талай тартуын басынан кешті, дуэльге де шықты және 37 жасында мезгілсіз опат болды. Сонымен қатар жаңалықтардың куәсі болды, көптеген жұртпен жүздесті, жаңа әдеби тіл жасауға қатысты, талай рет дауға түсті, түрлі тұлғалармен тіл табысты, жеңістер мен жеңілістерді бастан кешті. Қысқа өмірінде бұл адам 1812 жылғы соғысқа, Санкт-Петербургтегі алапат су тасқынына және декабристердің көтерілісіне куә болды. Ақын туралы көбірек білгіңіз келе ме, Пушкин дәуіріне еніп, ақынның шығармашылығын жақсы түсінгіңіз келе ме? Кітап көрмесінде ұсынылған замандастарының естеліктері, әдеби сын, Пушкиннің керемет көркем шығармалары: ертегілері, өлеңдері, әңгімелері сіздің бұл ойыңыздың орындалуына көмектеседі. #гидқазақстанға #гидпоказахстану | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|