«Тарихтың қасіретке толы тұстары»
29.05.2024
29 мамырда Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Қостанай станциясындағы Желілік полиция бөлімі» ММ-де Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған көшпелі іс-шара өткізді.
Қостанай облысының тарихы мыңдаған азаматтардың тағдыры мен өмірі тозаққа айналған қайғылы оқиғаларға толы. Біз саяси террор жылдарын ұмытпауымыз керек, жала жабылып, жазықсыз сотталған, азап шегіп, атылып кеткен мың-мыңдаған жерлестеріміздің әрқайсысын білуіміз, есте сақтауымыз керек.
«Тарихтың қасіретке толы тұстары» атты кітап көрмесі, бейнефильм көрсетілімі тыңдаушыларға тарихтың қайғылы оқиғаларының азабы мен қасіретін жеткізе білді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану