Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Семья – как много в этом слове...» 15.05.2024 | 15 мамырда Халықаралық отбасы күні «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ Білім орталығында қазақстандық футболшы, жаттықтырушы Нұрбол Жәрдемұлы Жұмасқалиевпен «Семья – как много в этом слове...» атты кездесу өтті. «Тобыл» ФК спорт директоры Нұрбол Жұмасқалиевтың отбасы – отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді қолдайтын, жас отбасыларға үлгі ретінде көрсетуге болатын отбасылардың бірі. Олар «Қазақстан Республикасындағы Қостанай қаласының беделін қолдағаны үшін» номинациясы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары болып табылады. Кездесу жылы, достық ахуалда өтті. Қонақ отбасының адамның берік тірегі, өміріне мән беретін мағынасы екендігін атап өтіп, туыстар мен жақындарды біріктіретін жақсы дәстүрлерді сақтаудың қажеттігі туралы айтып берді. Кездесуге оқушылар, қаланың оқу орындарының студенттері, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің оқырмандары қатысты, олар өздерінің кумирімен қуана сөйлесіп, сұрақтар қойды, бірге суретке түсті және қолтаңба алды. #гидқазақстанға #гидпоказахстану | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|