Құрметті оқырмандар, 1 мамырда Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Л. Н. Толстой атындағы ОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалы «Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды және пайдаланушылардың назарына ұсынды.
Бұл жерде «Қазақстан: бірлік және келісім мекені», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселелері», О. Дымов «Мы, народ Казахстана…» кітаптары және Қазақстан халқының достығы мен ынтымақтастығына, мемлекеттің елде тұратын барлық этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға және сақтауға жағдай жасауға арналған басқа да көптеген туындылар ұсынылған.
Кітап көрмесі 6 мамырға дейін жұмыс істейді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану