«Инклюзия как направление работы учреждений культуры»
24.04.2024
24 сәуірде «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Челябі мемлекеттік мәдениет институты ұйымдастырған «Инклюзия как направление работы учреждений культуры» атты халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияға Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің әріптестері қатысты. Конференция барысында инклюзивті білім берудің, инклюзивті мәдениеттің, инклюзивті тәжірибенің ұстанымдары мен құндылықтары қаралды. Кітапхана басшысы Д. Т. Дюсибаева «Инклюзивные технологии и практики в пространстве научной библиотеки» тақырыбына («Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ мысалында) баяндама жасады.