Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Махаббат пен сұлулық – ақындықтың арқауы» 10.04.2024 | Қазақстандағы Ғашықтар күні қарсаңында Абонементтер бөлімінде «Махаббат пен сұлулық – ақындықтың арқауы» атты поэтикалық көрме-композиция дайындалды. Бұл мереке Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың адал махаббатына арналған. Көрмеде қазақтың дастандары мен аңыздары, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Ләйлі – Мәжнүн», «Қалқаман – Мамыр» жырлары, сондай-ақ әлемдік классиктер О. Хайям, Абай, Ф. Петрарка, Шәкәрім, Ж. Нәжімеденов, М. Мақатаев, М. Жәлелдің шығармалары қойылған. Көрме түрлі дәуір ақындарының ақындық дарындарының деңгейін, түрлі әсерге бөлейтін сөздің құдіретін бағалауға мүмкіндік береді. Лирикалық туындыларды Ю. Друнина, Л. Рубальская, Э. Асадов, А. Ахматова, М. Цветаеваның және тағы басқалардың махаббат туралы поэтикалық жинақтары толықтыра түседі. Көрмеге келушілер үшін «Көрмеген кітаппен кездесу» атты тосын сый дайындалған. Көрмені тамашалауға шақырамыз. #гидқазақстанға #гидпоказахстану | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|