Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Царь-бас – Фёдор Шаляпин»
04.04.2024
Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК екінші қабатының фойесінде Астанадағы Орыс үйі мен М. Глинка атындағы бүкілресейлік музыкалық мәдениеттің мұражай бірлестігі бірлесіп орыстың ұлы әншісінің 150 жылдығына орай ұйымдастырған «Царь-бас – Фёдор Шаляпин» көрмесі ашылды. Бұған дейін көрме облыстық орыс драма театрының фойесін безендіріп тұрды және театр басшысы Ю. И. Ивлев оны кітапханаға салтанатты түрде табыс етті.
Федор Шаляпин – орыстың ұлы опера әншісі, ХХ ғасырдың басындағы көрнекті тұлға. Шаляпиннің шығармашылық өмірбаяны оның вокалдық өнерімен шектеліп қалған емес. Ол кескіндеме мен мүсінге қызығушылық танытты, өз заманының көптеген бейнелеу өнерінің шеберлерімен араласып тұрды, сонымен қатар фильмдерде ойнады. Ол фортепианодан басқа скрипка мен виолончельде ойнады, дирижерлік те етті, композиторлықпен де айналысты. Ол лирикалық және әзіл-оспақты өлеңдер жазды, оның естеліктері өзгелер үшін керемет әдебиет болып табылды. Тілдерді білді, поэзия мен опера партияларын аударды, опера режиссері ретінде жұмыс істеді, костюмдер мен декорациялардың эскиздерін бекітті. Ол өзінің партияларын Третьяковкада дайындады, ол үшін тарихи көріністер бейнеленген суреттерді, мысалы, кейін «Псковитянка» спектаклінде ойнаған Иван Грозныйды зерттеді.
Көрмеде Федор Иванович Шаляпиннің Борис Кустодиевтің қылқаламынан шыққан портретінен басқа ұлы әртістің өмірінің түрлі жылдары түскен фотосуреттері жинақталған: олардың ішінде спектакльдердің сахналық бейнелері, әйгілі замандастарымен немесе отбасы мүшелерімен түскен суреттері бар.
Көрме кітапханамыздың екінші қабатындағы фойеге 2024 жылдың 18 сәуіріне дейін сән беретін болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus