«Жақсы істі жалғастыр»
15.03.2024
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері «Қостанай қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ Наурыз мерекесіне арналған «Жақсы істі жалғастыр» атты алғыс айту сағатын өткізді.
Іс-шара өлең жолдарын оқудан басталды, соған сәйкес бүгінгі кездесудің тақырыбын анықтау қажет болды. Барлығы қосылып «Мейірімділік деген не?», «Қандай адамды мейірімді деп атауға болады?», «Оған қандай іс-әрекеттер жарасады?» деген сұрақтарға жауап іздеді. Балалар бірте-бірте мейірімділіктің заңдылықтарын: басқа адамдарға риясыз көмек көрсету керектігін, айналадағы адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасай білудің қажеттігін, жер бетіндегі тіршілік иесіне зиян келтірмеу керектігін білді.
Балалар «Арқан тартысу», «Қол күрес», «Ястребы и ласточки», «Орамал» секілді ұлттық ойындарды құмарлана ойнады, бір-біріне алғыс сөздерін айтып, барлығына зор денсаулық, бақыт, махаббат, бейбітшілік, жақсылық пен амандықтың үнемі серік болуын тіледі.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану