Дөңгелек үстел
09.02.2024
9 ақпан күні «Л. Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-де «Мир нашими глазами» ҚБ-нің бастамасымен әлеуметтік қорғауға жататын мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Кездесуде шипажай мен курортта емделудің кезеңділігі, дәрілік заттар үшін ақшалай өтемақы, әлеуметтік оңалту, инватакси және т. б. мәселелер көтерілді. Іс-шараға қатысушылар мұндай кездесулер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де, әлеуметтік қызмет мамандары үшін де қажет екендігін атап өтті.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану