«Қатыгездікке жол жоқ!»
10.01.2024
Әмбебап оқу залы оқырмандар назарына «Қатыгездікке жол жоқ!» атты кітап көрмесін ұсынады.
Бала құқықтары туралы конвенцияда баланың барлық құқықтары мен үкіметтердің балалар алдындағы міндеттемелері анық көрсетілген. Үлкендер жасайтын барлық нәрсе балалардың мүдделерін мүмкіндігінше толық қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының кез келген бұзылуы, оған қатыгездік көрсету оның әлеуметтік, зияткерлік және эмоционалдық дамуының бұзылуына әкеледі. Көрме материалдары әр баланың өмірі мен оның толыққанды дамуы үшін қажетті жағдайлар туралы ақпарат береді.
«Профилактика жестокого обращения с детьми» құралы пікірлестердің бірлескен еңбектерінің нәтижесі болып табылады. Бұл құрал түзету мұғалімдері мен психологтары, балаларға арналған білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін пайдалы болып табылады.
«Мы и наши дети: как построить отношения в семье» кітабы тек кәсіби мамандарға, әдіскерлерге, тәрбиешілерге және отбасылық психологтарға ғана емес, сонымен қатар ата-аналар үшін де қызықты. Кітапта өмірден алынған және танымал ұстаздардың кітаптарынан келтірілген көптеген қызықты мысалдар бар.