Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Түркі өркениетінің паспорты»
10.01.2024
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы Махмұт әл-Қашқаридың түркі энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығына арналған «Түркі өркениетінің паспорты» атты кітап көрмесін дайындады.
Көрмеге Махмұт Қашқаридың қазақ тілінде алғаш жарық көрген «Түрік сөздігі» атты үш томдық басылымы қойылды.
«Түрік сөздігінде» түркі халықтарының тілдері бойынша материалдар ұсынылған, түркі поэзиясының көптеген үлгілері, мақал-мәтелдер енгізілген. Сонымен қатар түріктердің тайпалық құрамы туралы тарихи және географиялық мәліметтер бар.
QR-кодтың көмегімен энциклопедистің өмірбаянымен және ғылыми жұмысымен танысуға болады.
Жыл бойы жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ