Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тіл – елімнің тірегі»
10.01.2024
Құрметті оқырмандар, Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалы назарларыңызға «Тіл – елімнің тірегі» атты кітап көрмесін ұсынады.
Көрме көп ұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау үшін тілдерді білудің маңыздылығы жайында баяндайтын екі бөлімнен тұрады.
«Қазақ тілі – тәуелсіздік белгісі» деп аталатын көрменің бірінші бөлімінде тілдердің тарихы, халықтар достығының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы баяндайтын әдебиеттер: М. Серғалиевтің «Тілім менің – тінім менің» кітабы, «Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі», «Мы, народ Казахстана», «Қазақстан – қарашаңырағым», «Народы Казахстана» және т.б. ұсынылған. Көрменің екінші бөлімі «Ана тілі – баға жетпес байлық» деп аталады. Онда қазіргі қазақ тілінің қандай жолдан өткені жайында баяндайтын кітаптар мен дискілер түріндегі материалдар: Е. Тілешов «Қазақ тілі», Е. Романенко «Казахская грамматика для русскоязычных», А. Бектурова «Самоучитель казахского языка», «Қазақша үйренейік», «Абай», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Культура речи», «Учись говорить публично» және т. б. ұсынылған.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ