Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Тіл – елімнің тірегі» 10.01.2024 | Құрметті оқырмандар, Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің Рудный қ. филиалы назарларыңызға «Тіл – елімнің тірегі» атты кітап көрмесін ұсынады. Көрме көп ұлтты Қазақстан халқының тұтастығын сақтау үшін тілдерді білудің маңыздылығы жайында баяндайтын екі бөлімнен тұрады. «Қазақ тілі – тәуелсіздік белгісі» деп аталатын көрменің бірінші бөлімінде тілдердің тарихы, халықтар достығының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы баяндайтын әдебиеттер: М. Серғалиевтің «Тілім менің – тінім менің» кітабы, «Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі», «Мы, народ Казахстана», «Қазақстан – қарашаңырағым», «Народы Казахстана» және т.б. ұсынылған. Көрменің екінші бөлімі «Ана тілі – баға жетпес байлық» деп аталады. Онда қазіргі қазақ тілінің қандай жолдан өткені жайында баяндайтын кітаптар мен дискілер түріндегі материалдар: Е. Тілешов «Қазақ тілі», Е. Романенко «Казахская грамматика для русскоязычных», А. Бектурова «Самоучитель казахского языка», «Қазақша үйренейік», «Абай», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Культура речи», «Учись говорить публично» және т. б. ұсынылған. #гидқазақстанға #гидпоказахстану | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|