«Шығыстан шыққан жазушы»
08.01.2024
Құрметті оқырмандар, Абонементтер бөлімі сіздерді «Шығыстан шыққан жазушы» көрме-танысуына шақырады. Харуки Мураками – Жапония мен оның тұрғындарын бүкіл әлемге танытқан жазушы. Оның кітаптары жапондар әлеміне ашылған жол болды.
Алғашқы романдарының бірі «Норвежский лес» романы басты кейіпкердің мінездері бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі қызға деген махаббатын баяндайды. Бірақ романда авторды бұдан да маңызды тақырып: адамның қандай да бір таңдау жасап жүріп өмірдегі ең қымбат нәрсесін жоғалтып алатыны толғандыратыны байқалады.
«Страна Чудес без тормозов и Конец Света» кітабы қиялдан шығарылған өмірдің әуесқойлары үшін қызықты болады. «О чём я говорю, когда говорю о беге» өмірбаяндық кітабы автордың салауатты өмір салтына деген көзқарасы, оның әдебиет пен шығармашылық жайындағы ойлары туралы баяндайды.
Жапон жазушысының осы және басқа да шығармаларымен 8-25 қаңтар аралығында Абонементтер бөлімінде танысуға болады.