«Әзілдесе білу керек»
22.11.2023
22 қарашада әдеби қонақжайда әйгілі кеңес жазушысы Виктор Драгунскийдің туғанына 110 жыл толуына арналған «Әзілдесе білу керек» атты сағыныш кеші өтті. Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторының қызметкерлері жазушының өмірбаяны туралы ақпарат дайындады, соның арқасында көрермендер В. Драгунскийдің актер, журналист және сценарийші де болғандығы туралы тың деректерге қанық болды. Сондықтан іс-шара «По следам «Денискиных рассказов»» атты театрландырылған қойылым көрсеткен Анастасия Серикованың «Star kids» студиясының жас актерлерінің қатысуынсыз өткен жоқ.
Іс-шара «Напоказ» сән мектебінің сән үлгілерін көрсетуімен аяқталды, онда балалар өткен ғасырдың 50–60-шы жылдарындағы киім үлгілерін көрсетті. Сән үлгілерінің көрсетілімі көрермендерге Виктор Драгунскийдің шығармаларының кейіпкерлері өмір сүрген дәуірге енуге мүмкіндік берді. Кеш жүрекке жылы және достық ахуалда өтті