«Торғайдың топжарғаны»
07.11.2023
7 қарашада Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі Қазақ әдебиеті апталығы аясында суырып салма ақын Нұрхан Ахметбековтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Торғайдың топжарғаны» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға шығармашыл зиялы қауым өкілдері, айтыскердің туыстары мен жақындары, «Ақ қауырсын» әдеби клубының мүшелері қатысты. Ақын туралы айтылған жылы сөздер, автордың шығармаларын дауыстап оқу, сондай-ақ жас ақындардың айтысы кездесуді ерекше тартымды әрі естен кетпестей етті. Іс-шараның демеушісі болған Естаев Ибраш Естайұлына ерекше алғыс білдірілді.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану