20 қазанда кітапханаға ҚР ІІМ «Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ қызметкерлері экскурсияға келді.
Қонақтарды кітапхана құрылымымен, бөлімдердің кітап қорымен, еліміздің мерейтойлық күндеріне арналған кітап көрмелерімен, сирек кездесетін кітап мұражайындағы бірегей кітаптар жинағымен таныстырды.
Полиция қызметкері үшін еліміздің басты ұлттық мерекелерінің біріне – Республика күніне арналған «Әнім де сен, жырым да сен туған жер!» атты кітап көрмесіне қысқаша шолу жасалды.
Әдебиеттерді шолу барысында қонақтар еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі егемен Қазақстанның қалыптасу тарихымен, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі өзгерістермен танысты.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану