Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Кедергісіз ортаның жаңа тәжірибелері» 20.10.2023 | 2023 жылдың 20 қазанында «Л. Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-де «Кедергісіз ортаның жаңа тәжірибелері» атты семинар өтті. Семинарда кітапхананың ақпараттық орталық және мәдени-демалыс мекемесі ретінде танымал болуы үшін және сұранысқа ие болуы үшін кітапхананың мүгедектермен жүргізілетін жұмысын қалай құру керек деген сұрақ талқыланды. Кітапханалардың міндеті – қолда бар құралдардың, ең алдымен ақпараттық ресурстардың көмегімен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға енуіне ықпал ету. Бұл жұмыста кітапханалар мүгедектермен жұмыс жүргізетін қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдар мен мекемелердің көмегіне сүйенеді. Семинарды Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедек адамдармен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы Ақатаева Қаламқас Хәкімқызы мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау туралы баяндамасымен ашты. Мүгедектер спорт клубының үстел теннисінен құрама мүшелері Бурлаков Вадим мен Вираховский Илья «Үміт-Надежда» тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ жұмысы туралы айтып берді. «Мүгедек балалар аналарының «Радуга» қоғамдық бірлестігінің» жұмысы туралы қоғамдық бірлестіктің президенті Н.Н.Колоскова айтып берді, оның баяндамасының тақырыбы ««Радуга» қоғамдық бірлестігінің жұмысы туралы». «Психологиялық-педагогикалық консультацияны іске асыру шеңберіндегі кедергісіз білім беру ортасы» тақырыбымен «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ педагог-дефектологы Кисметдинова Альмира Ундасыновна баяндама жасады. Қостанай қ. инклюзияны қолдау кабинетінің мысалында білім беру ортасында инклюзияны енгізу туралы «Мүмкіндігі шектеулі балалар ата-аналарының «Stop autism» ҚБ төрағасы Шнара Викторовна Жалмұхамедова айтып берді. «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Галиуллина Гүлфира Өмірзаққызы көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімнің жобалық жұмыстары туралы айтып берді. Мүгедек адамдарға кітапханалық қызмет көрсетудегі Лисаков ОКЖ әлеуметтік әріптестік тәжірибесі туралы «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ № 2 филиалының кітапхана меңгерушісі Поливода Светлана Викторовна айтып берді. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Сарыкөл орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ аудандық балалар кітапханасы басшысының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Ысқақова Майра Жиентайқызы «Балалар кітапханасындағы ерекше бала» тақырыбында баяндама жасады. Семинар қатысушыларына «Ерекше пайдаланушыға не ұсыну керек» атты кітапхана көрмесі ұсынылды. Семинар жұмысына пайдаланушылардың осы санатымен жұмыс істейтін қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Семинар жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|