26 қыркүйекте «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектерге арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» МКҚК-да Президенттің жолдауы бойынша дауыстап оқулар өткізіп, облыстың ем алып жатқан мүгедектерімен кездесті. Елбасы Жолдауының негізгі мәселелері туралы айтып беріп, Президент көрсеткен бағытқа риясыз сену және осы бағытта еңбек ету керектігін атап өтті, Қазақстанның болашағын біз тек бірігіп қана құра алатынымызды ұмытпай, жалпы ұлттық мүдделер төңірегінде бірлесе қимылдаудың қажеттігін еске салды.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану