«Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды»
19.09.2023
Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі көрнекті ақын және журналист, Қазақстанның халық жазушысы, жерлесіміз Ғафу Қайырбековтің туғанына 95 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» атты виртуалды акциясын жалғастырады.
Ғ. Қайырбеков өз шығармаларында еңбектегі ерлікті, отаншылдықты және халықтар достығын дәріптеді. Оның көптеген өлеңдері туған жері Қостанай өлкесіне: оның табиғатына, тарихына, еңбекқор және қайырымды адамдарына арналған.
Назарларыңызға «Сарыарқа саздары» циклінен психолог Наталья Беспальконың орындауындағы Ғафу Қайырбековтың «Атбасарские впечатления» өлеңінің бейнежазбасын ұсынамыз.
Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=oyhvcpCQ86o
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану