Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Мен оқимын, отбасым да оқиды» 08.09.2023 | 8 қыркүйекте Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында «Мен оқимын, отбасым да оқиды» атты оқитын отбасының бенефисі үлкен табыспен өтті. Көптеген көрермен жиналған кеш Қазақстан Республикасында дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне орайластырылды. Кітапхана отбасылық кітап оқу, келер ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу, үй кітапханаларын қалыптастыру және мұраға қалдыру дәстүрлеріне жүйелі түрде қолдау көрсетеді және нығайтады. Іс-шара басында Әділет департаментінің бас маманы А.С. Бекпаева Қостанай облысындағы неке статистикасы, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеудегі жаңалықтар туралы айтып берді. Бірақ кештің басты қонақтары Бауыржан мен Ғалия Молдахметовтардың отбасы болды. Олар өздері кітапты белсенді оқып қана қоймай, балалары мен немерелерінің де кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятты. Көрермендер Молдахметовтар жұбының әңгімесін қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, сұрақтар да қойды, отбасылық кітап оқу тәжірибесімен бөлісті. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|