Әмбебап оқу залында Отбасы күніне арналған «Отбасы – мейірім мен махаббат ордасы» атты кітап көрмесі безендірілді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасылық ошаққа деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған шаңырақ астында алған тәрбие – халқымыздың салауатты және табысты болашағының кепілі.
Х. Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» кітабында қазақ отбасының өткені мен бүгіні, отбасылық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы айтылады, балалардың болашағына оң әсер ететін өмірлік мысалдар келтіріледі.
Көрмеде оқырмандарының назарына отандық педагог С. Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие» кітабы, «Ақ отау» жинағы, сондай-ақ отбасының адамзаттың ерекше құндылығы екендігі туралы жан-жақты түсінік беретін «Отбасым» журналынан тәрбиелік сипаттағы мақалалар ұсынылған.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.