Абонементтер бөлімінде Отбасы күніне арналған «Жанұя жарастығы» көрме-толғанысы рәсімделді. Оқырмандардың назарына қазіргі қоғамдағы отбасының рөлі, отбасылық қатынастардың даму тарихы, бала тәрбиесі мен салауатты өмір салты мәселелері жайындағы кітаптар ұсынылды.
Бұл көрмеде психология және педагогика саласына қатысты басылымдар ұсынылған. Олардың ішінде Ф. Бизақованың «Отбасылық дағдарыс психологиясы», Ш. Мұқанның «Отбасы. Оқуға тиіс 10 кітап», Е. Караваеваның «Мені жоспарла!», Ю. Азаровтың «Семейная педагогика», О. Торсуновтың «Законы счастливой семейной жизни», Л. Суркованың «Семья. Как здорово быть вместе», С. Давлатовтың «Тайна семейных отношений» секілді жарияланымдары бар. Сондай-ақ отбасы құндылықтарын жан-жақты көрсететін белгілі қазақстандық және шетелдік жазушылардың көркем шығармаларымен: М. Әуезовтың «Абай жолы», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», З. Ахметованың «Шуақты күндер», Л. Толстойдың «Детство», А. Номадтың «По реке жизни» және т. б. туындылармен танысуға болады
2023 жылдың 04 және 15 қыркүйегі аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.