Бүгін Л. Н. Толстой атындағы облыстық кітапхана ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ерекше ынтамен тыңдады.
Мемлекет басшысы креативті индустрияны дамытудың маңыздылығын атап өтті. Креативті экономика – бұл жаңа уақыт пен білімнің экономикасы. Оның басты ресурсы адамдар ойлап тапқан идеялар болып табылады. Қазіргі таңда ақша немесе технология емес, жаңа идеялар жетістікке жеткізеді, ең бастысы тұлғаның қанағаттанушылығын тудырады. Қазақстан үшін креативті экономиканың құндылығы бірінші кезекте адами капиталды дамыту болып табылады.
Кітапхана ұжымы мемлекет басшысының бастамаларын қолдайды және дарынды креативті азаматтарды қолдауға және олардың өз әлеуетін толық іске асыруы үшін жағдай жасауға дайын екенін мәлімдейді.