18 тамызда Қала күнін мерекелеу және «Kostanay Book Fair» ІІ кітап көрме-жәрмеңкесін өткізу аясында ақын Елена Кифирюкпен кездесу өтті.
Қонақ поэзияның біздің дүниетанымымызға қалай әсер ететінін және өлеңнің қалай және неге жазылатынын айтып берді. Сондай-ақ біздің заманымызда ақын болу оңай ма және шығармашылық үдеріс қалай жүреді деген сұрақтарға жауап берді. Жиналғандарды өзінің шығармаларымен таныстырды. Автордың өзінің өлеңдерін оқуы кездесудің сәнін келтіре түсті.