14 тамызда Америка бұрышында мектеп оқушыларына арналған «Summer Camp» жазғы лагерінің жабылуы болды.
Лагерь аясында балалар квесттерге қатысып, түрлі дағдыларды дамытуға, жаратылыстану-математикалық пәндер мен ағылшын тілі саласындағы білімдерін жетілдіруге арналған тапсырмаларды орындауда бақ сынасты.
Сабақ барысында графикалық планшеттерде шығармашылық жұмыстарды орындауға ерекше назар аударылды. Балалар Figma және Tilda платформаларында авторлық жобаларды аяқтады, демалып, үстел ойындарын ойнай жүріп әңгіме-дүкен құрды. Лагерь қатысушылары «Бұл Палата феминизмді зиянды идеология деп санайды» тақырыбында пікірсайыс өткізді.
Балалар ағылшын тіліндегі сөздік қорын толықтырды, пікір таластыруды үйренді, уақытты тиімді өткізді және өз мақсаттарына сәтті жете білді.