Абонементтер бөлімі «Кітап беттеріндегі спорт» көрме-ұсынымын ұсынады.
Қазақстанда Спорт күні тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл мереке еліміздегі спортты дамытуға және спорттық жетістіктерге арналған. Көрмеде танымал спорт түрлері, көрнекті спортшылардың өмірі, спорт тарихы туралы, Олимпиада ойындары және кейіпкерлері спортпен айналысатын, оны жақсы көретін көркем шығармалар туралы кітаптар ұсынылған. Атап айтқанда: Досмұхамбетов Т. «Нар жолында жүк қалмас», Матушак П. «Казакша курес», Әбдіқадыров Қ. «Қажымұқан», Мұқанов С. «Балуан Шолақ», Дюма А. «Учитель фехтования», Мураками Х. «О чём я говорю, когда говорю о беге».
Көрмені көруге шақырамыз.