Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залында қазақ халқының ұлы өкілі, әділдіктің сенімді жақтаушысы болған және мейірімділік, ақиқат идеяларын өлең түрінде уағыздаған, табиғат пен оның жаратылыстарының сұлулығы мен құдіретін жырлаған ақын Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған «Жұртының қамын жеген жырау» атты кітап көрмесі рәсімделді.
Жамбыл Омаридің «Бұқар жырау» кітабы суырып салма ақын және ойшыл, Тәуке, Болат, Әбілмәмбет және Абылай хандар заманындағы ірі қоғам қайраткері өміріндегі белгісіз күндерді, деректерді ашады.
«Великие имена Великой степи» және «Қазақтың шешендігі мен көсемдігі астасқанда» атты материалдар жинағында ақынның шығармашылық мұрасы, оның Қазақстанның мемлекеттілігі мен мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға қосқан үлесі туралы мәліметтер бар.
Көрме ай бойы жұмыс істейтін болады.