Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Маусымның мерейгер кітабы: Ғабиден Мұстафин «Көз көрген» 60 жыл
27.06.2023

«Көз көргенде» көргендерімді, бастан кешкендерімді көрсеткім келді. Олар тіпті көп екен, кітапқа сыймады. Сонсоң екшеп, іріктеп алдым. Алпыстан асқан ойлы адам Алатаудың басына өрмелеп шыққан тәрізді. Алысқа кез жібереді, жазықта көре алмағанын көреді, байқамағанын енді байқайды, ұмытқанын еске түсіреді. Ұмытқаным да, байқамағаным да көп екен. Бұл еңбек естелік пе, мемуар ма, әңгімелер жинағы ма, әлде не – ол жағын зерттеушілер айыра жатар. Автордың мақсаты – өзінің, өзімен қоса ұлтының іші-тысы қалай өзгергенін айтпақ. Айтудың алуан-алуан түрі бар. Оқушының жүрегіне осы біреу ұрымтал-ау дедім де, соның біріне түсіп кеттім. Сапарым сәтті шықса «Көз көрген» үш кітап болады. Бірінші кітап 1925 жылға жетіп тоқтады. Екінші кітап Ұлы Отан соғысына дейінгі, үшінші кітап одан кейінгі уақыттарды қамтиды. Романдарымда материалды еркін пайдаланғам. Ал, мынада ерік фактыға бағынды, қисайтсаң қиянат. Кітаптағы қиянат қнянат атаулының ең ауыры. Сондықтан шындықты, тек шындықты жаздым.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus