Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Маусым айының мерейгер жазушысы: Мағжан Жұмабаев
26.06.2023

 Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Ақмола губерниясының Петропавл уезінің Полудин болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы) дүниеге келген.

1905 жылдан 1910 жылға дейін Мағжан Петропавл қаласының медресесінде (діни семинарияда) оқиды, онда шәкірттер араб, парсы, түрік тілдерін негізгі пәндер ретінде оқыды, бұлардан басқа түркі халықтарының тарихы оқытылды.

Жұмабаевтың шығармашылық жолы 1909 жылы басталды. Оның атын «Шолпан  жинағы танымал етті.

Осы кезеңде ол өзінің шығармашылығына үлкен әсер еткен адамдармен: Б.  Майлин, С. Сейфуллин, М. Дулатов, Г. Потанинмен танысады. Соңғысы Мағжанмен алғашқы кездесулерден кейін жас жігіт болашақта екінші Шоқан Уәлиханов болады деп болжады. Ұлы ғалымның болжамы келді: Мағжан Жұмабаев кейін ірі түрколог, тарихшы, лингвист, орыс классикалық мектебі рухындағы педагог, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқулықтардың, «Педагогика» кітабының авторы болды.

20-шы жылдардың бірінші жартысында М. Жұмабаев Ташкентте тұрады, онда «Ақ жол» газетінде жұмыс істейді, жергілікті «Шолпан», «Сана» журналдарында шығармаларын жариялайды. Осы кезде әйгілі «Батыр Баян» поэмасын жазады. 1923 жылы Ташкентте оның екінші өлеңдер жинағы жарық көреді.

1927 жылы Мағжан Петропавлға оралып, педагогикалық техникум мен Кеңес партия мектебінде оқытушы болып жұмыс істейді.

Ақмола облысы «Алаш» комитетінің құрамына кірді, «Алаш Орданың» екінші съезінде Білім істері жөніндегі комиссияның төрағасы болып сайланды.

1929 жылы М. Жұмабаев қамауға алынып, 10 жылға сотталды, оған 1921 жылы жасырын жұмыс істеу үшін «Алқа» тобын құрды деген айып тағылды. Мағжан 1935 жылы лагерьде жүріп М. Горькийге хат жазды, ол оны түрмеден мерзімінен бұрын босатуға көмектесті. 1936 жылы Петропавлға оралып, Пушкин атындағы орталау мектепте орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді, бірақ көп ұзамай «алашордалық» жұмыстан шығарылды. Ол Алматыға баруды шешеді, сол жерде өлкетану мұражайына жұмысқа орналасады. Жаңа жұмысқа үйреніп болмай жатып ол қайтадан жұмыстан шығарылды. Өзінің жағдайына, көңіл күйіне қарамастан, ол «Жамбылға», «Тоқсан тоғыз», «Қаламыма» өлеңдерін жазады.

1937 жылы 30 желтоқсанда Мағжан қайтадан қамауға алынып, 1938 жылы 19 наурызда «халық жауы» ретінде атылды.

Жұмабаев қайтыс болғаннан кейін, 1960 жылы 8 шілдеде ақталды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ