23 маусымда Әмбебап оқу залы 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық есірткі заттарын тұтыну және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күнінеарналған «Допингсіз де өмір әдемі» атты ақпарат сағатын өткізді.
Іс-шараға Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты. Жиналғандар алдында «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК консультативтік-диагностикалық бөлімінің психологы Гүлсім Айтжанқызы Бейсембаева баяндама жасады. Іс-шара қонақтарының назарына «Допингсіз де өмір әдемі» атты кітап көрмесі, тақырыптық бейнематериал ұсынылды.