«Әке деген ұлы есім»
15.06.2023
Құрметті оқырмандар! Әмбебап оқу залы «Әкелер күні» мерекесіне арналған «Әке деген ұлы есім» атты кітап көрмесін дайындады. Көрмеге әке туралы, әкенің отбасындағы және қоғамдағы борышы жайындағы прозалық және поэтикалық шығармалар қойылған.
Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының келіні З.Ахметова жазған «Шуақты күндер» кітабы ерекше қымбат дүние, онда әкенің, қазақ халқының ұлының бейнесі керемет көрініс тапқан.
Александр Баклановтың «Отец», Аркадий Денисовтың «Память об отце» әңгімелері жұртты өз әкелерін – Отан қорғаушыларды өмірлерінің соңына дейін естен шығармауға шақырады.