Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Маусым айының мерейгер жазушысы: Жұмабек Еділбаев
15.06.2023
Жұмабек Еділбаев Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында 1923 жылы 15 маусымда дүниеге келген.
Жұмабек Еділбаев оқырмандарына ақын, жазушы, аудармашы, драмтург ретінде танымал. Оның шығармашылық саласына келуіне өзінің мамандығы ықпалын тигізген еді. 1944 жылы Түркістан педагогикалық училищесін аяқтап, еңбек жолын заң саласындағы қызметтен бастады. Шығармашылық адамы үшін бұл саланың соқпағы өзгеше еді. Оның таңдаған жолы – жүгі ауыр шығармашылық саласы еді. Партия саласындағы қызметінен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясына қызметке ауысқаны осының айғағы. Журналистиканың газет, радио салаларында қызмет етіп, оқырмандары мен тыңдармандарына кеңінен танымал бола бастады. Оқырмандарына 200-ден астам шығармаларын ұсынды. Алғашқы жыр жинағы 1960 жылы жарық көрді. Жұмабек Еділбаевтың «Жоғалған кілт», «Сыр пернесі», «Бүгінгі ауыл адамдары», «Тергеуші толғанады» және т.б. романдары мен әңгімелері жеке кітап түрінде жарыққа шықты.
Жұмабек Еділбаевтың шығармашылығының деректанушылық үшін де маңызы зор. Тарих саласындағы ізденушілер мен зерттеушілер оның еңбектерінен еліміздің XX ғасырдың 30–50 жылдарындағы бейнесін анық көре алады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus