Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Экскурсия 09.06.2023 | Абонементтер бөлімі апта бойы № 16 және № 4 жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларына кітапхана бөлімдері бойынша экскурсиялар өткізді. Балалар кітапты қалай таңдауға және оны қалай дұрыс пайдалануға болатынын, кітапханада өзін қалай ұстау керектігін білді. Балалар барлық бөлімдерде болды, көркем безендірілген балалар кітаптарын үлкен таңданыспен тамашалады, сирек қормен және Америка бұрышымен танысты. Экскурсиядан кейін ойын бағдарламасы ұсынылып, оның барысында балалар ертегілер әлеміне саяхат жасады, әзіл сұрақтарға жауап берді, шашылып жатқан сөздерден мақал-мәтелдер құрастырды. Шығармашылық тапсырмада ым мен ишараттың көмегімен түрлі әрекеттерді бейнеледі, ал қалған қатысушылар оны табуы керек болды. «Өзеннен өзенге» және «ИӘ және ЖОҚ» ойындарын ойнады. Кездесу соңында әріптерден «Алақай, демалыс!» сөзін құрады. Экскурсиядан оқушылар көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біліп, жағымды эмоциялар және жарқын әсерлер алып қайтты. #balademalys2023 | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|