Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі көрнекті ақын және журналист, Қазақстанның халық жазушысы, жерлесіміз Ғафу Қайырбековтің туғанына 95 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» атты виртуалды акциясын жалғастырады.
Ғ. Қайырбеков өз шығармаларында еңбектегі ерлікті, отаншылдықты және халықтар достығын дәріптеді. Оның көптеген өлеңдері туған жері Қостанай өлкесіне: оның табиғатына, тарихына, еңбекқор және қайырымды адамдарына арналған.
Назарларыңызға Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қызметкері Әлия Ахметова оқыған Ғафу Қайырбековтың «Зымыран – степная птичка...» өлеңінің бейнежазбасын ұсынамыз.