26 сәуірде «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ тифлотүсініктемесі бар «Летят журавли» фильмінің көрсетілімі болды.
Татьяна Самойлова мен Алексей Баталовтың жүректен шыққан ойыны фильмді әсерлі және көңілді толқытарлықтай етті. Михаил Калатозовтың аңызға айналған картинасы Канн фестивалінің бас жүлдесін – «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алған жалғыз кеңестік фильм болды.