26 мамырда
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Өлкетану
әдебиеттері бөлімі ҚИнЭУ Кәсіпкерлік колледжінде «Тарихтың қасіретке толы тұстары» атты көшпелі іс-шара өткізді.
Бейнефильмдердің, әндердің, сондай-ақ кітап көрмесінің көмегімен
ұйымдастырушылар көрермендерге саяси террор жылдарын ұмытпауымыз керек,
жазықсыз сотталған, жер аударылған және атылып кеткен мың-мыңдаған
жерлестеріміздің әрқайсысын білуіміз, есте сақтауымыз керек деген ойды жеткізе
алды.