25 мамырда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қонақжайында «Адамның адамгершілігі оның сөзге деген көзқарасынан көрінеді» атты эссе байқауының қорытындысын шығару және жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға қатысқандардың арасында байқауға қатысушылар ғана емес, сонымен қатар филология студенттері, «KAZGUU SCHOOL» оқушылары, қаланың әдеби бірлестіктерінің мүшелері де болды. Байқауды ұйымдастырушылар эссе жанрының тарихы, оның жазылу ерекшеліктері, түрлері мен құрылымы туралы әңгімеледі. Қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жіберілген эсселердің ең жақсылары жария етілді. Қазылар алқасынан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А. И. Суслова сөз сөйледі.
Қатысушылар осындай әдеби байқауларды өткізудің маңыздылығын атап өтті, өйткені бұл ойды нақты және сауатты тұжырымдауды, ақпаратты шығармашылықпен түсінуді және құрылымдауды, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсетуді, абстрактілі ойды нақты мысалдармен суреттеуді, өз тұжырымдарын дәлелдеуді үйренуге мүмкіндік береді.