25 мамыр күні Әмбебап оқу залында Қостанай қ. № 15 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Б. Н. Айтумен Қазақстандағы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Өзекті өртер шындық» атты бейнесұхбат өтті.
Бексұлтан Нұсрүллаұлы мемлекеттің репрессиялық саясатының ерекшеліктеріне, лагерьлердің жазалау жүйесіне, сондай-ақ ел тәуелсіздігі үшін күрескен және мемлекет тарапынан қуғындауға және қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларына егжей-тегжейлі тоқталды.
Сұхбатқа қатысушы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға, қазақ халқының өткен тарихын құрметтеуге шақырды.