31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін мен миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соқтырған жан түршігерлік ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтары арасында «Дәуірдің өкінішті естелігі» атты жедел сауалнама өткізді.
Сауалнамаға қатысқандар бүкіл елді шарпыған сталиндік қуғын-сүргін, батыл идеялар мен реформалар үшін болған әділетсіз қудалау, 30-шы жылдардағы аштық пен халықтардың күштеп жер аударылуы туралы айтты.