Өлкетану әдебиеттері бөлімі көрнекті ақын, халық жазушысы, қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, жерлесіміз Ғафу Қайырбековтің туғанына 95 жыл толуына арналған «Өлді деуге бола ма, өлмес өлең жазғанды» атты виртуалды акциясын жалғастырады.
Ғ. Қайырбеков өз шығармаларында еңбектегі ерлікті, отаншылдықты және халықтар достығын дәріптеді. Оның көптеген өлеңдері туған жері Қостанай өлкесіне: оның табиғатына, тарихына, еңбекқор және қайырымды адамдарына арналған.
Назарларыңызға ақын Ким Марина оқыған Ғафу Қайырбековтың «Кто видел тишину в лесу осеннем...» өлеңінің бейнежазбасын ұсынамыз.