Жыл сайын 18 мамырда Халықаралық мұражайлар күні атап өтіледі, 2023 жылы әлемнің 145 елі осы дәстүрге қосылды.
Мұражайлар күні – нағыз мәдени құбылыс. Бұл түрлі елдердің тұрғындарына тарихты сүюдің және білудің қажеттілігін еске салып қана қоймай, елдер мен халықтар арасында диалог орнатуға мүмкіндік береді. Тәжірибені сақтау, білім алмасу, әлем мәдениеттерінің өкілдері арасында өзара түсіністік пен өзара сыйластықты дамыту мерекенің басты міндеттері болып табылады.