Әмбебап оқу залы «Библио-Ѕпутник» кітап оқуды ілгерілету жобасы бойынша жұмысты жалғастыруда және назарларыңызға «Журналдар әлемі» көрме-аңдатпасын ұсынады.
Келіп жеткен 21 ғасырды әлемдік қауымдастық «Қоршаған ортаның жүз жылдығы» деп атайды.
«Қазақстандық табиғат пайдаланушылардың орнықты даму үшін қауымдастығы» (ҚТПОДҚ) 2004 жылдан бастап тоқсан сайынғы «Экология и промышленность Казахстана» ақпараттық-талдау журналын шығарып келеді. Журнал Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Энергетика министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, халықаралық және қазақстандық кәсіпорындар, экологиялық және консалтингтік компаниялар, бизнес қауымдастықтар мен ғылыми ұйымдар сияқты мемлекеттік құрылымдар арасында кеңінен таралған. «Экология и промышленность Казахстана» журналы кәсіпкерлер, экологтар, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, оқытушылар, студенттер – экология саласындағы оқиғалар мен жаңа жетістіктерге қызығушылық танытатындар үшін ерекше қызықты және пайдалы болып табылады.